Тоқаев қуғын-сүргін құрбандарына арнап құран оқытты

0
163
Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев және Бас мүфти Наурызбай Тағанұлы. Photo: Bort #1

31 мамыр күні Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Әзірет Сұлтан мешітіне барып, қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарының рухына арнап құран оқытты. 

Қазақстанда 31 мамыр  саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күні.

1921 мен 1954 жылдары аралығында Қазақстанда 11 еңбекпен түзу лагері болғанын атап өтті. Репрессия заманында Қазақстанда 100 мыңнан астам лагерлерге қамалып, оның төрттен бірі өлім жазасына кесілген. Жалпы Қазақстанға 5 миллионнан астам адам айдалған.

Қатал режимнің қысымына ұшырағандардың тізімінде Тұрар Рысқұлов, Сәкен Сейфуллин, Мағжан Жұмабаев, Әлихан Бөкейханов, Ахмет Байтұрсынов, Ілияс Жансүгіров секілді танымал қазақ қайраткерлері, саясаткерлері және жазушылары болды.

2020 жылы осы саяси қуғын-сүргінге ұшырағандарды ақтау мақсатында мемлекеттік комиссия құрылды.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз