5 тамыз күні ҚР президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Алматы қаласының әкімі Бақытжан Сағынтаевты қабылдады. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.
Мемлекет басшысына Алматының әлеуметтік-экономикалық дамуы, үкіметтің кеңейтілген отырысының қорытындысы бойынша берілген тапсырмалардың орындалу барысы туралы мәлімет берілді.
Қазақстан Президенті қала инфрақұрылымының сапасын арттыру, қоғамдық қауіпсіздікті, көлік жүйесін, медицина және білім салаларын дамыту, сондай-ақ, “халықтың үніне құлақ асатын мемлекет” тұжырымдамасын белсенді түрде жүзеге асыру аса маңызды екенін атап өтті.
Соңында Қасым-Жомарт Тоқаев алдағы оқу жылына дайындық, тұрғындарға сапалы медициналық көмек көрсету және шаһарда қордаланған өзекті мәселелерді шешу жөнінде бірқатар нақты тапсырма берді.