Елордада құрбандық шалатын орындар белгілі болды

0
196
Сурет: elorda.info

Биылғы жылы Құрбан айт мейрамы 11 тамызда басталады. Осыған орай елорда әкімдігі құрбандық шалуға арналған орындарды бекітті. Бұл туралы Нұр-Сұлтан әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Атап айтсақ, Байқоңыр ауданында 4 орын белгіленген:

“Нұрбереке-555” ЖШС, Алаш тасжолы, 30 (“Көк Базар”-дың артында);

Есжанова А. ЖК, “Жайлау”, Алаш тасжолы, Ц 313 көшесі;

“Шәушен” шаруа қожалығы, “Астана-Павлодар” трассасынығ 9-шақырымы;

“Темеш” шаруа қожалығы, “Нұр-Сұлтан – Софиевка” автожолының 7-шақырымы.

Ал, елорданың қалған аудандарында бір-бір қасапқанадан жұмыс істейтін болады: Сарыарқа ауданында – “Ұлжан” әмбебап базары (бұрынғы “Саянұр” базары), Есіл ауданында – “Алтын-Таға” базары Қосшы ауылының алды, Алматы ауданында – “Метро” сауда үйі (“Нұр-Сұлтан-Қарағанды” тасжолы).

 

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз