Тоқаев әділет министрін қызметінен босатты

0
169
Қанат Мусин.

30 желтоқсанда президент Қасым-Жомарт Тоқаев әділет министрі Қанат Мусинді қызметінен босатты. Бұл жөнінде Ақорда баспасөз қызметі хабарлады. 

56 жастағы экс-министр, мәжілістің бұрынғы депутаты конституциялық сот судьясы болды.

Биыл Қаңтар оқиғасынан кейін 11 қаңтарда үкімет құрамы жаңарған уақытта Қанат Мусин әділет министрі болып тағайындалған. Ол бұл қызметті бір жылға жуық атқарды.

5 қарашада Тоқаев 2023 жылдан бастап конституциялық сот құруды қарастыратын заңға қол қойған. Бұл сот Нұрсұлтан Назарбаевты өмірлік мүшесі еткен 1995 жылы құрылған конституциялық кеңесті алмастырған. Заң маусымда Конституцияға референдум арқылы ондаған өзгеріс енгізілгеннен кейін қабылданған.

Билік бұған дейін конституциялық сотқа барлық азамат шағымдана алады деп мәлімдеген.

Бір күн бұрын президент Қасым Жомарт-Тоқаев конституциялық сот төрағасы қызметіне Эльвира Әзімованы тағайындаған. Ол бұған дейін адам құқықтары жөніндегі уәкіл қызметін атқарған.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз