Бүгін Франция президенті Эммануэль макрон Қазақстанға ресми сапармен келді. Француз басшысын әуежайдан премьер-министр Әлихан Смайылов күтіп алды.
Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев, Макронды Ақордада қарсы алды. Ресми күтіп алу барысында қос президент екі елдің министрлерімен қол алысып, одан кейін әнұран шырқалды.
“Сапар аясында екі ел басшылары сауда-экономикалық, инвестициялық және энергетикалық ынтымақтастықты нығайту мәселелері жөнінде келіссөз жүргізеді. Сондай-ақ халықаралық және өңірлік күн тәртібіндегі мәселелерді талқылайды”, – делінген хабарламада.