28 сәуірде президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқы Ассамблеясының ХХХ сессиясы аясында Мәжілістен шығып қалған депутаттың орнына ҚХА атынан ұсынылатын үміткерді сайлауға қатысып, дауыс берді.
Президент дауыс бергеннен кейін депутаттыққа үміткерлердің сенімді өкілдерімен әңгімелесті. Ол алдағы уақытта Конституцияға өзгеріс енгізілетіндіктен мұндай форматтағы сайлау соңғы рет өтіп жатқанын атап өтті.
“Бірақ біздің Парламентте Қазақстан халқы Ассамблеясының тиісті орындары сақталады”, – деді Тоқаев.
Бұған дейін президент Қазақстан халқына арнаған жолдауында Конституцияға өзгертулер енгізуді ұсынған болатын.
ҚХА квотасы Мәжілістен Сенатқа ауыстырылып, депутаттар саны 9-дан 5-ке дейін қысқарады.