ҚМДБ қажылық квотасының конкурс нәтижесін жариялады

0
354
Мұсылмандардың құбыласы Қағба. Photo: aljazeera.com

Екі жыл үзілістен кейін Сауд Арабия Королдігінің Қажылық және ұмра министрлігі Қазақстан азаматтарына қажылық құлшылығын атқаруға рұқсат берді. Мүфтият қазақстандық қажыларға бөлінген 3000 квотаны жүзеге асыратын туроператорлар арасында өткен конкурс нәтижесін жариялады. 

Биылғы қажылық маусымында қазақстандық қажыларға қолайлы жағдай жасау және қажылықпен айналысуға үміткер туристік фирмалар арасында адал бәсекелестікке қол жеткізу мақсатында Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы Сауд Арабиясы тарапы ҚМДБ-ға берген қажылық орындарын әділ бөлу үшін ашық жариялаған конкурс бойынша 2022 жылғы 15-25 сәуір аралығында туроператорлардан құжаттар қабылдаған.

“Қажылық орындарын бөлуде әділдік қағидатын қамтамасыз ету мақсатында ҚМДБ абыройлы және қажылық саласына қатысы жоқ, діни қызметкерлерден тұратын арнайы комиссия ҚМДБ төрағасымен бекітілді. Туроператорларға қажылық орындарын бөлуде ашықтықты қамтамасыз ету мақсатында «Үміткер туроператорларға қажылық орындарын бөлу» туралы ҚМДБ ережесі қолданылды”, – делінген мүфтият сайты таратқан ақпаратта.

Туроператорлардан келген өтініштер мен талап етілген құжаттар сараланып, әрқайсысы мұқият қаралған. Комиссия мүшелері жоғарыдағы ережеге сүйене отырып қажылық орындарын туроператорларға төмендегі кестеде көрсетілгендей бөлді:

 

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз