Жас мамандар жобаларына 18 млрд теңге қаржы қарастырылған

0
276

Премьер-министрдің орынбасары Ералы Тоғжановтың мәліметінше жастарға арналған «Алғашқы жұмыс орны», «Жастар практикасы» жобаларына 18 миллиард теңге қаржы қарастырылған. 

Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте парламент мәжілісінің депутаты Саясат Нұрбектің айтуынша, осы орайда бірнеше жүйелі шаралар қарастырылған.

«Мысалы, колледж, ЖОО студенттері тағылымдамадан өткенде ол жұмыс өтілі ретінде есептелмейді. Негізгі шектеуші фактор – жас түлек жұмысқа орналасуға барады, ал оның тәжірибесі жоқ. Сондықтан біз тағылымдама кезеңін жұмыс өтілі ретінде санауды ұсынып отырмыз, сонда жұмысқа орналасқан кезде  жастардың кемінде жарты жылдық, 1 жылдық тәжірибесі болады», – дейді депутат. 

Бұдан бөлек жұмыс берушілер практикасы біткен азаматтарды міндетті түрде жұмысқа алып қалуға міндетті болады.

«Бұрын қаржы жұмысқа келген азаматтарды оқытуға жұмсалса, енді жұмыс берушілердің өзіне беріледі. Осылайша, олар келген азаматты практикасы біткеннен кейін міндетті түрде сол жерге жұмысқа алып қалуға міндеттеме алады. Бұл жұмыс берушілерге де көмек болады, жаңадан түскен балаға да мүмкіндік болады», – деді Тоғжанов.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз