Қазақстандықтарға 1 миллион доллар жинау үшін 246 жыл қажет

0
339
Сурет: time.kz

Picodi.com сайты жариялаған статистика бойынша қазақстандықтарға орташа айлық жалақымен 1 миллион доллар жинау үшін 245 жыл 11 ай уақыт керек. Осылайша рейтингте Қазақстан 102 елдің ішінен 87-орынға тұрақтаған. Бұл туралы ranking.kz сайты хабарлады.

Орташа жалақымен ең тез 1 миллион долларды швейцариялықтар жинай алады. Оларға бұл үшін 13 жыл 4 ай қажет. Одан кейін алғашқы бестікті Австралия (20 жыл 1 ай), Сингапур (20 жыл 2 ай), Люксембург (20 жыл 4 ай) және АҚШ (23 жыл 1 ай) аяқтайды. Ал тізімде соңғы орында тұрған угандалықтар үшін 515 жыл 1 ай қажет.

photo: picodi.com

ТМД елдерінен Украина 61 орында (145 жыл 6 ай), Ресей 70 орында (191 жыл 9 ай), Молдова 74 орында (204 жыл 11 ай), Армения 79 орында (215 жыл 4 ай), Беларусь 84 орында (231 жыл 5 ай), Әзербайжан 89 орында (257 жыл 1 ай) және Өзбекстан 96 орында (318 жыл 4 ай) орналасқан.

2021 жылдың төртінші тоқсанында қазақстандықтардың орташа айлық жалақысы 275,6 мың теңгені көрсеткен. Өңірлер арасында ең жоғары орташа жалақы Атырау облысында тіркелген (420,4 мың теңге). Алғашқы үштікке дәстүрлі түрде елорда (391,4 мың теңге) және Маңғыстау облысы (382,4 мың теңге) кірген. Ал Қазақстан бойынша ең аз орташа жалақыны Солтүстік Қазақстан облысының қызметкерлері алады (203 мың теңге). 

photo: ranking.kz

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз