16 мамырда Мәскеуде ҰҚШҰ-ның саммиті аяқталғаннан кейін президент Қасым-Жомарт Тоқаев Ресей басшысы Владимир Путинмен кездесті.
Ақорда баспасөз қызметі таратқан ақпаратта кездесуде екіжақты қарым-қатынастардың өзекті мәселелері, соның ішінде сауда-экономикалық ынтымақтастық саласы мен алдағы іс-шаралар кестесі талқыланған.