«Болашақ» стипендиясына құжат қабылдау басталады

0
120
Photo: bilimdinews.kz

23 мамырдан бастап «Болашақ» халықаралық стипендиясына құжат қабылдау басталады. Бұл туралы білім министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Өтініштер 2022 жылдың 14 қазанына дейін Egov.kz арқылы қабылданады. Ал тағылымдамадан өтуге 5 қыркүйек пен 14 қазан аралығында құжаттар қабылданады. Конкурстық іріктеу 2022 жылдың 30 мамыр мен 30 қараша аралығында өтеді. Осы жылы магистратура мен резидентураға 385, докторантураға 60 стипендия бөлінген.

Жалпы биыл «Болашақ» бағдарламасы бойынша басым мамандықтар тізімінде академиялық оқуға 92, тағылымдамадан өтуге 158 мамандық қарастырылған. Басым мамандықтар тізімі техникалық мамандықтармен 30%-ға кеңейтілген.

«Болашақ» халықаралық стипендиясына конкурстық іріктеу 3 кезеңнен тұрады:

1. Кешенді тестілеу;
2. Тәуелсіз сарапшылық комиссиясы мүшелерімен жеке әңгімелесу;
3. Шетелде кадрлар даярлау жөніндегі республикалық комиссия отырысында құжаттарды қарау.

Басым мамандықтар тізімі: https://bolashak.gov.kz/kz/mamandytar

Ұсынылатын университеттер тізімі: https://bolashak.gov.kz/kz/zhoo

Қажетті құжаттар тізімі: https://bolashak.gov.kz/kz/zhattardy-alaj-tapsyru-bolady

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз