19 қаңтарда президент Қасым-Жомарт Тоқаев мәжіліс және сенат төрағалары, премьер-министрмен мәжілісті тарату және мәслихат өкілетін мерзімінен бұрын тоқтату жөнінде кеңес өткізді. Бұл жөнінде Ақорда баспасөз қызметі хабарлады.
“Мен қыркүйектегі жолдауымда алда тұрған сайлау науқандары туралы айттым. Соған сәйкес өткен жылдың қараша айында кезектен тыс президент сайлауы өтті. Жуырда сенат депутаттарының бір бөлігі сайланды. Енді мәжіліс пен мәслихат сайлауын өткізуіміз керек” деді президент.
Президенттің баспасөз қызметі айтылған ұсыныстарды ескере отырып шешім қабылданады деп жазды.