23 наурыз күні Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Ресей президенті Владимир Путинмен телефон арқылы сөйлесіп елге “Спутник V” вакцинасының қосымша бөлігін жеткізу жайында өтініш жасады.
Ақорда сайты таратқан ақпаратта президенттер сауда-экономикалық және әскери-техникалық ынтымақтастықтың қазіргі ахуалына, сондай-ақ, Қазақстанда цифрлық платформа құру туралы қол жеткізілген уағдаластыққа жоғары баға бергені айтылады.
Владимир Путин Ресей мен Қазақстан арасындағы сауда-экономикалық, әскери-техникалық және цифрлық салалар бойынша байланыстарды нығайтудың маңызды екенін атап өтіпті.
Әңгіме барысында Қасым-Жомарт Тоқаев елге “Спутник V” вакцинасының қосымша бөлігін жеткізу жайында өтініш білдірген.
Тараптар Еуразиялық экономикалық одақтың әлеуетін одан әрі арттыруға қатысты ұстанымдары сәйкес келетінін айтып, серіктестіктің бұл бағытында тығыз ықпалдаса жұмыс істеуге келісіпті.