Нұр-Сұлтан әуежайы түн жарымына дейін жабылды

0
300
Астана халықаралық әуежайы.

Ауа райының қолайсыздығына байланысты астанадағы Назарбаев әуежайы рейс қабылдауды уақытша тоқтатты.

“Ұшып қону жолағына толассыз жауған қарды тазарту үшін Нұрсұлтан Назарбаев әуежайы түн жарымына дейін жабылады. Жолаушылардан әуежай жұмысына барынша түсіністік танытуын сұраймыз. Барлығы тек жолаушылардың қауіпсіздігі үшін жасалып жатыр”, –  деді халықаралық әуежайдың баспасөз хатшысы Әнуар Шалекенов.

Бұдан бұрын Шалекенов Алматыға ұшатын рейстердің, Шымкент-Нұр-Сұлтан және Қостанай – Нұр-Сұлтан рейстердің кейінге шегерілгенін хабарлаған. Кейін Қызылорда – Нұр-Сұлтан бағытындағы ұшақтың Қарағандыдағы қосалқы аэродромға қонғаны белгілі болды.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз