Путин вакцина салдырды

0
381
Ресей президенті Владимир Путин.

23 наурызда Ресей президенті Владимир Путин коронавирусқа қарсы вакцина салғызды.

Президенттің баспасөз хатшысы Дмитрий Песков Путиннің жағдайы жақсы екенін және 24 наурыз күні жұмысқа шығатынын айтты.

Кремльде Владимир Путин ресейлік үш вакцинаның қайсысын салғызғанын нақты айтпады. Бұған дейін Песков ел президенті салғызатын вакцинаның атауы әдейі аталмай отырғанын мәлімдеген. Оның ойынша “ресейлік барлық үш вакцина да барынша сенімді әрі тиімді”.

Ресей президентіне екпе салу процесі өзге елдердегідей көпшілікке жария көрсетілген жоқ. Мұның себебін журналистерге Кремль өкілі былай түсіндірген:

“Камера алдында вакцина салдыру оған (Путинге) бұл ұнамайды”, — деді ол.

Өткен жылдың 17 желтоқсанында Владимир Путин мүмкін болған сәтте-ақ ковидке қарсы вакцина салдыратынын айтқан еді. Ол кезде мамандардың жас бойынша шектеулерге құлақ асып отырғанын жеткізген болатын.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз