Назарбаев әуежайы қайта ашылды

0
194
Нұрсұлтан Назарбаев әуежайы.

Нұрсұлтан Назарбаев халықаралық әуежайы жұмысын қайта жанданды. Әуежай 23 наурызда ауа райының қолайсыздығына байланысты жабылған болатын.

“Нұрсұлтан Назарбаев әуежайы жұмысын жандандырды. Ұшу-қону жолағы ашық. Дегенмен, әлі де кейінге шегерілген рейстер бар. Рейстердің жаңаруына байланысты кесте ретке келетін болады. Рейстер туралы мәліметтерді әуе компанияларының колл-орталықтарынан, әуежайдың анықтама қызметінен және әлеуметтік желілерінен нақтылап алуды өтінеміз”, — деді әуежайдың баспасөз қызметі Әнуар Шалекенов.

Атап өтейік кеше Нұр-Сұлтан қаласының әуежайы қар тазалау жұмыстарын жүргізу үшін алдымен, сағат 16:30-20:00 аралығында жабылды. Кейін сағат 00.00-ге, одан соң 03-00-ге дейін ұзартылды. Рейстердің бірі тоқтап, екеуі басқа аймақтарға қонған.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз