Қазгидромет: Қазақстанда 25 наурызда тұман, көктайғақ және бұрқасын жел күтіледі

0
657

Қазгидромет, 25 наурыз күніне арналған ауа райы болжамын ұсынды.  

Қызылорда, Маңғыстау облыстарының кей жерлерінде тұман және күн күркіреуі күтіледі, жел 15-20 м/с күшейеді.

Батыс Қазақстан, Ақтөбе облыстарының кей жерлерінде тұман және көктайғақ күтіледі, жел 15-20 м/с күшейеді.

Атырау облысында жел екпіні 23 м/с, кей жерлерде көктайғақ болады.

Солтүстік Қазақстан, Қостанай облыстарының кей жерлерінде тұман, көктайғақ күтіледі, жел 15-20 м/с күшейеді, Қостанай облысының кей жерлерінде бұршақ жаууы ықтимал.

Ақмола, Павлодар облыстарының кей жерлерінде тұман, көктайғақ күтіледі.

Алматы, Жамбыл, Шығыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде тұман күтіледі, жел 15-20 м/с күшейеді, Жамбыл, Алматы облыстарында желдің екпіні 23-28 м/с жетеді.

Қарағанды облысының кей жерлерінде тұман, күндіз көктайғақ күтіледі, жел 15-20 м/с күшейеді, бұршақ жаууы мүмкін.

Түркістан облысының кей жерлерінде жел 15-20 м/с күшейеді, күндіз екпіні 25 м/с болады, найзағай күтіледі.

Алматыдағы ауа райы болжамы: күндіз 16°, анық.

Нұр-Сұлтандағы ауа райы болжамы: күндіз -6°, бұлтты.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз