Коронавирус: “Қызыл аймаққа” тағы бір өңір қосылды

0
920

25 наурыз таңертеңгі ақпаратта “қызыл аймаққа” Атырау облысы кірді. Одан бөлек Нұр-Cұлтан, Алматы қалалары және Батыс Қазақстан облысы коронавирустың таралуы бойынша “қызыл аймақта”. Бұл туралы ұлттық қоғамдық денсаулық сақтау орталығы хабарлады

Қазақстанда өткен тәулікте 1105 адамда коронавирус індеті ПТР арқылы расталды. Оның ішінде ең көп Нұр-Сұлтан(195) және Алматы(341) қалаларында тіркелді. Ал қалған “қызыл аймақтағы” Батыс Қазақстан облысында 76 адам және Атырау облысында 65 адам тіркелді.

Бұдан бөлек 835 адам коронавирус індетінен емделіп шықты. Ал коронавирустан 11 адам қайтыс болды.

Наурыздан бері коронавирус жұққаны тестпен расталған науқастар 236 200 адамға жеткен.

Жалпы Қазақстан Республикасы елдегі эпидемиологиялық жағдайға байланысты “сары аймақта”.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз