Жапонияда Олимпиада алауы жағылды

0
516
Photo: Kyodo agency

Бейсенбі күні таңертең Жапонияның Фукусима облысында Олимпиада алауы эстафетасы басталды.

Оқи отырыңыз: Токио Олимпиадасы шетелдік жанкүйерлерсіз өтеді

Эстафетаның алғашқы қатысушысы 2006-2016 жылдары жапон құрамасында өнер көрсеткен футболшы Азуса Ивасимидзу болды.

Photo: Kyodo agency

Эстафета Жапонияның 47 облысында өтеді және олимпиада 23 шілдеде ашылғанға дейін 121 күнге созылады. Жабылу салтанаты 8 тамызға жоспарланған.

Photo: Kyodo agency
Photo: Kyodo agency

Токио Олимпиадасы 2020 жылдың 24 шілде – 9 тамыз аралығында өтуі тиіс еді. Пандемияға байланысты бір жылға кейінге шегерілді.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз