Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Ресей басшысы Владимир Путиннің шақыруымен Петербург халықаралық экономикалық форумының 25 жылдығына арналған жиынға қатысу үшін Санкт-Петербургке келді. Бұл жөнінде Ақорда баспасөз қызметі хабарлады.
Қасым-Жомарт Тоқаев жұма түске дейін Татарстан президенті Рустам Миннихановпен және Башқұртстан басшысы Радий Хабировпен екіжақты кездесу өткізеді.
Түстен кейін Петербург халықаралық экономикалық форумының пленарлық отырысына қатысады.
Сондай-ақ Ресей президенті Владимир Путинмен екіжақты кездесуі жоспарланған.