Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Ереван қаласына жұмыс сапарымен барды. Бұл жөнінде Ақорда баспасөз қызметі хабарлады.
Тоқаев Ереванда ҰҚШҰ-ның алдын ала бекітілген жұмыс жоспарына сай өтетін Ұжымдық қауіпсіздік кеңесінің отырысына қатысады.