Қазақстан парламенті елдің үш жылдық жаңа бюджетін бекітті

0
163
Мәжілістің жалпы отырысы.

Сәрсенбі күні Мәжіліс  “2023 – 2025 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы” заң жобасына, сондай-ақ “республикалық және облыстық бюджеттер, республикалық маңызы бар қалалардың, Астананың 2023-2025 жылдарға арналған бюджеттері арасындағы жалпы сипаттағы трансферттердің көлемі туралы” заң жобасына енгізілген Сенаттың түзетулерін бекітті. Құжаттар қабылданды, енді ел президентіне қол қоюға жіберіледі.

“2023 – 2025 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы” заң жобасына сенат жалпы сомасы 71,8 млрд теңгеге 57 түзету енгізді, оның ішінде: 2023 жылы – 30 млрд теңге, 2024 жылы – 29 млрд теңге, 2025 жылы – 12,8 млрд теңге. Бұл шығыстар автомобиль жолдарын дамытуға, халықты ауыз сумен және табиғи газбен қамтамасыз етуге, сондай-ақ өңірлерді қолдауға бағытталған. Сенат енгізген түзетулер республикалық бюджет жобасы параметрлерінің теңгерімділігін бұзбайды және экономиканы одан әрі тұрақты дамытуға және мемлекет басшысы қойған міндеттерді шешуге бағытталған”, – деді депутат Анатолий Бойчин.

“Республикалық және облыстық бюджеттер, республикалық маңызы бар қалалардың, Астананың 2023 – 2025 жылдарға арналған бюджеттері арасындағы жалпы сипаттағы трансферттердің көлемі туралы” заң жобасына келетін болсақ, оған сенаторлар жалпы сипаттағы трансферттер көлемінің өзгеруіне байланысты екі түзету және облыстық (орта) жолдарды күрделі (орташа) жөндеуді қаржыландыруды есептеу әдістемесін өзгерту бойынша бір түзету енгізген. Сондай-ақ “Ауыл ел бесігі” бағдарламасы аясында Қостанай облысының жолдарын орташа жөндеуге қосымша қаражат бөлу қарастырылған.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз