Сауд Арабия королі ұлттық құраманың жеңісінен кейін елде бір күн демалыс жариялады

0
295
Сауд Аравия королі Салман ибн Абдул-Азиз Аль Сауд, фото: aif.ru

22 қарашада Қатарда өтіп жатқан футболдан әлем чемпионатында Сауд Аравия командасы Аргентинаны 2-1 есебімен жеңгеннен кейін, Сауд Аравия королі елінде сәрсенбі күнін демалыс деп жариялады, деп хабарлайды Kazaknews.kz тілшісі Saudi Gazette ақпараттық агенттігіне сілтеме жасап. 

Сауд Аравия королі Салман ибн Абдул-Азиз Аль Сауд 23 қараша сәрсенбі күнін бүкіл мемлекеттік және жеке сектордағы барлық қызметкерлер үшін, сондай-ақ оқудың барлық кезеңдеріндегі студенттер үшін демалыс күні болады деп жариялады. Себебі футболдан Сауд Аравия ұлттық құрамасы екі дүркін әлем чемпионы Аргентина мен оның ойыншысы жеті дүркін “алтын доп” иегері Мессиді жеңді. 

Матч С тобының алғашқы туры болды. Аргентина сапынан Месси ойынның 10 минутында пенальтиден есеп ашты. Ал Сауд Аравиясы құрамасы екінші таймда 5 минуттың ішінде есепті 2-1 етіп өзгертті. 

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз