Тоқаев жұмыс сапарымен Нью-Йоркке барды

0
150
Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев БҰҰ мінберінде сөйлеп тұр. Photo: NY Times

19 қыркүйекте Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев БҰҰ Бас Ассамблеясының 77-сессиясына қатысу үшін Нью-Йоркке жұмыс сапарымен барды. Бұл туралы Ақорда баспасөз қызметі хабарлады. 

Тоқаев дүйсенбіде JPMorgan Chase & Co, Citi, Goldman Sachs, NASDAQ секілді жаһандық қаржы институттарының басшыларымен кездесу өткізбек.

Сонымен қатар Boeing, ExxonMobil, General Electrics, Wabtec, Microsoft сияқты трансұлттық компаниялардың жетекшілерімен, сондай-ақ сарапшылар тобының өкілдерімен кездесу жоспары бар.

20 қыркүйекте президент БҰҰ Бас Ассамблеясының жалпы дебатында сөз сөйлейді.

Бұдан бөлек, БҰҰ Бас хатшысымен, Еуропалық Одақ басшылығымен және бірқатар мемлекет басшыларымен олардың өтініші бойынша кездесулер өткізу жоспарланған.

Қазақстан президенті Азық-түлік қауіпсіздігі жөніндегі жаһандық саммитке де қатысады.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз