Қазақстандық полицей QAZAQ KURESI-нен әлем чемпионы атанды

0
225
photo: inform.kz
Румынияда өткен қазақ күресінен әлем чемпионатында Абай облысының полиция қызметкері бірінші орын иеленді, деп хабарлайды Kazaknews.kz тілшісі ІІМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Әлем біріншілігі 13-20 қыркүйек аралығында Румынияның Констанца қаласында өтіп, оған 20 елдің спортшылары қатысты.
Полиция лейтенанты Сафуан Мұратбеков Қазақстан құрамасы сапында 74 келі салмақ дәрежесінде өнер көрсетіп, финалдық белдесуде румыниялық спортшыдан басым түсті.
Сафуан – QAZAQ KURESI бойынша халықаралық дәрежедегі спорт шебері, Қазақстанның және Азияның бірнеше дүркін чемпионы.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз