Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Жамбыл облысының әкімі Бердібек Сапарбаевқа жұмысында едәуір олқылықтарға жол берген Қ.Досаевты қызметке тағайындағаны үшін сөгіс жариялады. Бұл туралы президенттің баспасөз хатшысы Берік Уәли Facebook парақшасында жариялады.
Қазіргі таңда облыс әкіміне бір тәулік ішінде кадрлық қателігін түзетуге тапсырма берілді.
“Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Жамбыл облысының әкімі Бердібек Сапарбаевқа 2019 жылы жұмысында едәуір олқылықтарға жол беріп, қызметінен босатылған Қ.Досаевты әкімдіктің басқарма басшысы етіп тағайындағаны үшін сөгіс жариялады,” – делінген хабарламада.