Қазақстан Республикасы бір аптадан астам уақыт “қызыл аймақта” тұр

0
218

Елдегі эпидемиологиялық-санитарлық жағдай бойынша Қазақстан Республикасы 26 шілдеден бастап “қызыл аймақта” тұр. Түркістан облысын қоспағанда, барлық өңірлер қызыл аймақта орналасқан. Бұл туралы денсаулық сақтау министрлігі хабарлады.

Ағымдағы жылдың 3 тамызында республика бойынша жұқпалы аурулар төсек-орындары 56%-ды, реанимациялық төсек-орындар 44%-ды құрады.

Инфекциялық төсек-орындармен ең көп қамтылғандар – Нұр-Сұлтан, Шымкент қалаларында; реанимациялық төсектер – Ақмола, Атырау, Маңғыстау облыстарында және Нұр-Сұлтан қаласында байқалады.

Соңғы мәліметтер бойынша бір күнде Қазақстанда 7481 адамнан коронавирус табылды. 46 адам коронавирус пневмониясына шалдықты. Бір күнде 110 адам – коронавирустан, 16 адам коронавирус пневмониясынан көз жұмды.

Бүгінгі күні шамамен 9,4 млн доза вакцина пайдаланылып, оның ішінде 1-компоненті бойынша 5 480 094 адам егілді. Бұл тиісті халықтың 55,4%-ын құрайды. Екінші компонентпен 3 941 941 адам немесе тиісті халықтың 39,8%-ы қамтылған.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз