Қазақстандық оқушылар халықаралық олимпиадада төрт медаль жеңіп алды

0
368
Солдан оңға қарай: Айгерім Туруспекова, Хайдар Қаирбек, Мадияр Қасымалы, Санжар Бисенәли

Қазақстандық оқушылар химия пәнінен өткен халықаралық олимпиадада (IChO-2021) 4 медаль жеңіп алды. Ұлттық құраманың қоржынында үш күміс және бір қола бар. Бұл туралы білім және ғылым министрлігі хабарлады.

Олимпиада Жапонияның Осака қаласында 24 шілде мен 2 тамыз аралығында онлайн форматта өтті. Зияткерлік жарысқа әлемнің 79 елінен 312 оқушы қатысты. Қазақстанның атынан Нұр-Сұлтан, Алматы, Қарағанды және Павлодар қаласынан төрт оқушы, яғни республикалық пәндік олимпиаданың жеңімпаздары қатысты.

Теориялық тапсырмаларды жоғары деңгейде орындаған қазақстандық қатысушылардың барлығы жүлдегер атанды. Қайырбек Хайдар, Бисенали Санжар, Қасымали Мадияр күміс, Тұрыспекова Әйгерім қола медальға ие болды.

“Барлық қатысушылар химия пәнінен ең маңызды олимпиадаға мұқият дайындалды. Біздің күш-жігеріміздің ақталғанына қуанышымыз шексіз. Жоғары деңгейде өтіп жатқан ауқымды жарыс болғандықтан, тапсырмалар да қиын болды. Бізді әрдайым қолдайтын жаттықтырушыларымызға, мұғалімдеріміз бен ата-аналарымызға алғысымыз шексіз”, – деді күміс медаль иегері Қайырбек Хайдар.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз