Трамп пен Кимның арасындағы келісімшарт

0
90

Сингапурдағы АҚШ-КХДР саммиті барысында корейаралық соғыстың аяқталғандығы туралы келісімге қол қойылуы мүмкін. Бұл туралы АҚШ президенті Дональд Трамп Жапонияның премьер-министрі Синдзо Абэмен кездесуден кейін мәлімдеді, деп хабарлайды еuronews.

Сондай-ақ, Дональд Трамп Пхеньянмен қарым-қатынастарды қалпына келтіру қиынға соғатынын атап өтті: «Біз екіжақты келісімдерге қол қоямыз. Бұл алғашқы қадамдардың бірі. Бірақ бұдан да үлкен мәселе – қол қойылғаннан кейін не болатыны. Әрине келісімшартқа қол жеткізе аламыз, олармен келіссөз жүргізудеміз, біз мұны басқалармен талқыға салып та жатырмыз. Бірақ бұл әлі бастамасы ғана».


Трамп бүгінге дейін болған кейбір келеңсіздіктерге қарамастан 12 маусымда өтетін АҚШ-КХДР саммитіне белсенді дайындық жүргізіліп жатқанын растады.

Дональд Трамп пен Ким Чен Ынның кездесуіне дайындық барысында АҚШ-тың мемлекеттік хатшысы Майк Помпео Пхеньянға ресми сапармен барған болатын.

Айта кетейік, қос кәріс мемлекеттері арасындағы соғыс 1953 жылы аяқталған болатын. Дегенмен, корейаралық қақтығыстың аяқталғандығы туралы ресми түрде жарияланбаған.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз