Трамп солтүстік кореялық әріптесін Ақ үйге шақырмақ ниетте

0
36

АҚШ президенті Дональд Трамп Сингапурдағы АҚШ-КХДР келіссөздері сәтті аяқталатын болса, Солтүстік кореялық әріптесі Ким Чен Ынды Ақ үйге шақыратынын мәлімдеді. Бұл туралы Трамп Жапонияның премьер-министрі Синдзо Абэмен кездесуден кейін баспасөз мәслихатында мәлімдеді, деп хабарлайды Korrespondent.net.

Трамп баспасөз мәслихатында Ким Чен Ынды Палм-Бичтағы (АҚШ, Флорида штаты) Мар-а-Лаго жеке клубының орнына Ақ үйге шақыруға болатынын айта отырып, «Мүмкін, кездесуді Ақүйдің өзінен бастармыз», – деді.

АҚШ президенті Ким Чен Ынмен кездесуден кейін екі ел арасындағы қарым-қатынас қалпына келеді деген үмітте.

Сондай-ақ, Трамп КХДР басшысымен кездесу сәтті өткен жағдайда АҚШ, Жапония, Қытай және Оңтүстік Корея мемлекеттері Солтүстік Кореяға қолдау көрсететінін алға тартты.

Еске саламыз, АҚШ-КХДР саммиті 12 маусымда Сингапурда өтеді.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз