Елбасы Си Цзиньпинді Қазақстанға ресми сапармен келуге шақырды

0
108

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Қытай Халық Республикасының Төрағасы Си Цзиньпинді Қазақстанға іс-сапармен келуге шақырды. Бұл туралы президенттің баспасөз қызметі хабарлайды.

7 маусым Қазақстан президенті Қытайға ресми сапармен барды. Н. Назарбаев аспан асты еліне сапары барысында Қытай елінің Төрағасымен кеңейтілген құрамда келіссөз жүргізіп, Си Цзиньпинді елге ресми сапармен келуге шақырды.

Кеңейтілген келіссөздердің нәтижелері бойынша қос мемлекет басшылары мынадай құжаттарға қол қойды.

1. Қазақстан Республикасы мен Қытай Халық Республикасының бірлескен мәлімдемесі;

2. Қазақстан Республикасы мен Қытай Халық Республикасы арасындағы ядролық және радиоактивті материалдардың, радиоактивті қалдықтар мен қауіпті заттардың заңсыз тасымалдауын болдырмау жөніндегі іс-қимыл туралы келісім;

3. Қазақстан Республикасы Үкіметі мен Қытай Халық Республикасы Үкіметі арасындағы Қытай Халық Республикасының жеңілдетілген несие беруі туралы негіздемелік келісім;

4. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі мен Қытай Халық Республикасы Қаржы министрлігі арасындағы өзара түсіністік және ынтымақтастық туралы меморандум;

5. Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму министрлігі мен Қытай Халық Республикасының Даму және реформалар жөніндегі мемлекеттік комитеті арасындағы өндірістік қуаттар мен инвестициялар саласындағы Қазақстан-Қытай ынтымақтастық жоспарын бірлесіп әзірлеу жөніндегі өзара түсіністік туралы меморандум;

6. Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігі мен Қытай Халық Республикасының Даму және реформалау жөніндегі мемлекеттік комитеті арасындағы бірлескен жобалар тізбесін және олардың индустрияландыру және инвестициялар саласындағы қалыптасу тетіктерін бекіту жөніндегі өзара түсіністік туралы меморандум;

7. Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрлігі мен Қытай Халық Республикасының Коммерция министрлігі арасындағы электрондық сауда саласындағы өзара түсіністік және ынтымақтастық туралы меморандум;

8. Қытай Халық Республикасы мен Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі арасындағы Қазақстаннан Қытайға экспортталатын сиыр етіне арналған инспекциялау, карантиндік және ветеринариялық-санитарлық талаптар туралы хаттама;

9. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі мен Қытай Халық Республикасы Бас кеден басқармасы арасындағы Қазақстаннан Қытайға жоңышқа шөбін экспорттау жөніндегі санитарлық және фитосанитариялық талаптар хаттамасы.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз