АҚШ президенті Дональд Трамп пен Солтүстік Корея басшысы Ким Чен Ынмен КХДР мен Оңтүстік Корея шекарасында орналасқан «Бейбітшілік үйінде» кездесуі ықтимал. Бұл туралы РИА Новости хабарлайды.
Дональд Трамп Twitter әлеуметтік желідегі парақшасында «Кездесу орны ретінде бірнеше мемлекет қарастырылып отыр. Солтүстік пен Оңтүстік Корея шекарасында орналасқан «Бейбітшілік үйі» КХДР басшысымен кездесу орны ретінде анағұрлым өкілетті, кез-келген басқа мемлекеттерге қарағанда неғұрлым маңызды әрі ұзағырақ есте қалатын кездесу болмайды ма?», деп жазды.
«Бейбітшілік үйі» 27 сәуірде Оңтүстік Корея президенті Мун Чже Ин мен КХДР президенті Ким Чен Ын арасында саммит өткенге дейін Пханмунджом демилитаризацияланған келіссөздер пункті деп аталған болатын. Екі мемлекет басшыларының тиімді келіссөздерінен кейін шекарадағы келіссөздер пункті татулықтың белгісі ретінде «Бейбітшілік үйі» деген атауға өзгертілді.