Мәскеуде Telegram-ның бұғатталуына наразылық шеруі өтуде

0
133
tsargrad.tv

Мәскеуде Telegram желісінің бұғатталуына қарсы наразылық акциясы өтуде. «Еркін ғаламтор үшін» деген атаумен наразылық шеруі Сахаров даңғылында өтіп жатыр. Шеру қала билігімен келісілген. Ереуілшілер даңғылды аралап, кейіннен митинг өткізеді, деп жазады “Коммерсант.ru”.

“Бізге Роскомнадзор қажет емес” дейді топталғандар/tsargrad.tv

Шеруге үн қосушылардың көбі жастар. Топталған ереуілшілер Telegram желісін қолдау мақсатында қағаз ұшақтар ұшыруда.

@KuznetsovaKatja/ Twitter

Тәртіп сақшылары сабырлы қалыпта.

Наразылық акциясы шамамен жеті мың адамды жинады

М. Порываева көшесінің жарты бөлігі, сондай-ақ Академик Сахаров даңғылы наразылық акциясы салдарынан жабық.

/Twitter

“Гордон” ғаламтор басылымы таратқан ақпарға сәйкес, наразылық акциясына шыққандар Telegram-ды қолдау үшін қолдарына тулар мен түрлі плакаттар ұстаған.

/Twitter

Шеруді Ресейде тіркелмеген Либертариан партиясы ұйымдастырған, партиялықтардың пікірінше, Telegram-ды бұғаттау «ұлт үшін ұят».

/Наразалық акциясынан кейін митинг өтеді /Twitter/

Ұйымдастырушылардың мәлімдемесінде «ХХІ ғасырда бірде-бір мемлекет өз технологиялары мен сандық дамуына кедергі келтірмеуі керек» деп жазылады.

13 сәуірде Мәскеу соты Ресей Федерациясы аумағында Telegram желісін бұғаттады.


Қазақстанда Telegram желісіне мерзімді шектеулер елдегі “Қазақстанның демократиялық таңдауы” қозғалысына шектеу қоюмен және аталған мессенджерден адам құқығына қайшы келетін ақпараттарды өшірумен байланысты. Ақпарат және коммуникациялар министрі Д. Абаевтың айтуынша, Қазақстанда Telegram-ның бұғатталауы екіталай.


«Қазақстанның демократиялық таңдауы»2018 жылғы 13 наурызда Астана қаласы Есіл аудандық сотының шешімімен елде тыйым салынған қозғалыс.
Сафина Саид

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз