«Сирия мәселесінің шешілуі Дональд Трамп пен Эммануэль Макрон арасындағы келіссөзде анықталады. Дегенмен, Франция бұған дейін АҚШ-тың саясатына өз ұстанымын білдіріп отырған ел».
АҚШ пен Францияның өзара қатынасы турасында пікір білдірген саясаткер Дос Көшімнің саралауынша, Батыстың саясатын анықтайтын және басты рөл атқаратын – АҚШ. Дегенмен, Францияның Сирияға, Африка елдеріне болсын өзінің жекелеген ұстанымы бар. Ұлыбритания АҚШ-пен ауыз жаласса, Франция бұл қатынасқа әрдайым бас сұға бермейді, дейді саясаткер. Себебі, Францияның өзіндік, өзгеше саясаты бар. Болашақта АҚШ пен Ұлыбританияның саясаты бір жерден шықса, онда Францияға сөзсіз екілікке қосылуға тура келеді. Себебі, бұған дейін де Франция АҚШ саясатына кетәрі болмады дейді саясаткер. Бұдан шығатын қорытынды, АҚШ пен Еуропа елдерінің саясатты бір үддеге саяды.