Меркель мен Трампта қауырт күн тәртібі

0
75
дереккөзден

Канцлер Ангела Меркель 26 сәуірде Берлиннен Вашингтонға бағыт алды. Ұшу уақыты – 9 сағат. Жұма Вашингтон уақытымен 11.35-те Меркельді Ақ Үйде АҚШ президенті Дональд Трамп күтіп алады.

Dw.com таратқан ақпарға сәйкес, Франция президенті Э. Макронның сапарындай салтанатты сапар Меркельде болмайды, күн тәртібі қауырт, тек жұмыс бабымен шектеледі.

20 минут Трамппен көзбе-көз әңгіме өрбіту, жарты сағат кеңейтілген құрамда түскі ас, жарты сағат баспасөз конференциясы, жергілікті уақытпен сағат 14: 05- те Германияға ұшақ.

Қаузалар мәселелер

БАҚ таратқан ақпарға сәйкес, жаһан аренасындағы шиеленіс – Сирия, Солтүстік Корея, Иранның атом бағдарламасы туралы келісімшарт, Донбасс – Трамп пен Меркельдің талқылауына енбейді. Канцлердің басты күн тәртібі – трансатланттық сауда мәселесі және АҚШ-тың Ресейге салған санкцияларының неміс фирмаларына еткен кері әсері.

Трамп тарапынан 1 мамырға дейін Еуроодаққа болат пен алюминийге салынған баж салығы ұзартылатынына Берлин үміт етпейді. Сондықтан, канцлердің кеңесшілері АҚШ-пен келесі сауда-экономикалық келіссөздерге аргумент дайындауда.

Сафина Саид

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз