Трамптың тергеуге шақырылуы ықтимал

0
55
дереккөзден

Ресейдің АҚШ-тағы президент сайлауына ықтимал араласуын зерттеп жатқан АҚШ арнайы прокуроры Роберт Мюллер АҚШ президенті Дональд Трамп қойылған сұрақтарға жауап бермейтін болса, соттан шақырту қағазын жіберемін деп сес көрсетті. Бұл туралы 2 мамырда The Washington Post газеті өз дереккөздеріне сілтеме жасай отырып хабарлады.

Кейіннен аталған ақпарды Reuters басылымына президент тобының бұрынғы заңгері Джон Доуд растады.

Трамптың заңгерлері Мюллерге президент арнайы прокурордың қойған сұрақтарына жауап беруге міндетті емес, деп мәлімдеген. Мюллер АҚШ президентіне соттан шақырту келуі ықтималдығын, аталған жайттан кейін Трампқа кең құрамдағы әділқазылар алқасының алдында тұрып жауап беруге тура келетіндігін мәлімдеді. Бұл әңгіме наурыз айында өрбіген.

Deutche Wella басылымы таратқан ақпарға сәйкес, кейіннен арнайы прокурор Мюллер Трамптың қорғаушыларына президент жауап беруге тиісті 40 сұрақтың тізімін жіберген.


Ресейге АҚШ сайлауына араласудың қажеті жоқ – Путин

Бұған дейін АҚШ әділет министрлігі 2016 жылғы АҚШ-та өткен сайлауға Ресей Федерациясының компаниялары мен 13 азаматы араласты деп айыптаған болатын.

Кремль аталған айыптауларды бірнеше рет жоққа шығарды.

Өз кезегінде РФ президенті Владимир Путин NBC телеарнасына берген сұхбат барысында Ресейге Америкадағы сайлауға араласудың қажеті жоқ, деп мәлімдеді. Бұған дейін ақпанда АҚШ президенті Дональд Трамп президент сайлауына Ресейдің араласуы Құрама штаттарда дүмпу мен сілкініс тудырды деп есептейтінін мәлімдеген еді.

БАҚ-та таралған ақпарға сәйкес, АҚШ президенттігіне экс-үміткер Хиллари Клинтон және Демократиялық партия Трамптың командасына қарсы ішкі саяси күрес жүргізуде. Аталған мүмкін айыптаулардың бастысының  бірі – АҚШ президенті мен оның тараптастарын Ресейдің арнайы жасақтарымен  байланысы бар.

 

Сафина Саид

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз