Марокко Иранмен дипломатиялық қатынастарын үзбек

0
84
дереккөзден

Марокко билігі Иранмен дипломатиялық қатынастарын үзеді. Бұл туралы 1 мамырда Марокко сыртқы істер министрі Насер Бурита мәлімдеді. Аталған шешім Тегеран Полисарио фронтына ливандық «Хезболлах» партиясы арқылы әскери қолдау көрсетіп отыр, атап айтқанда қару-жарақ жеткізуде деген ресми Рабаттың мәлімдеген ақпары себепті қабылданды.

Марокко СІМ басшысы аталған шешімнің аймақтық немесе халықаралық жағдайларға еш қатысы жоқтығын мәлімдеді. Буританың айтуынша, бұл мәселе Марокконың қауіпсіздігі мен топырақ бүтіндігіне байланысты. Deutche Wella басылымы таратқан ақпарға сәйкес, СІМ басшысы Марокконың Ирандағы елшісі Тегеран аумағынан кеткен, ал Иранның Рабаттағы елшілігі жақын күндері жабылады деп мәлімдеген. 


Полисарио фронты Батыс Сахара мен Мароккоға дейінгі аймақтың еркіндігі үшін күрес жүргізуде. Батыс Сахара – Солтүстік Африка аймағында басы дауда тұрған аумақ, бұрын испан колониясында болған, аумақ 1975 жылы тәуелсіз болғаннан кейін көлемді бөлігі Марокконың қол астына өткен. Полисарио фронты болса, аймақтың тәуелсіздігіне қатысты референдум өткізуді талап етуде. Ресми Рабат (Марокконың астаны – ред) аталған аумаққа Марокконың автономиясы туралы мәртебе беруді ұсынды.

Сафина Саид

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз