Заң қабылдау құқығы мәжіліске тиесілі болады. Бұл туралы конституциялық кеңестің аппарат жетекшісі Бақыт Нұрмұханов мәлімдеді деп хабарлады inform.kz агенттігі.
«Заң шығару процесін жаңғыртуға арналған бірқатар өзгеріс жасалды. Заң қабылдау құқығы негізінен мәжіліске тиесілі болады. Сенатқа мәжіліс қабылдаған заңдарды мақұлдау немесе мақұлдамау құқығы беріледі. Реттейтін мәселелердің маңыздылығын ескере отырып, Конституциялық заңдарды палаталардың бірлескен отырысында қабылдау қолдау тапты. Үкіметке адам өмірі мен денсаулығына, мемлекеттің қауіпсіздігіне, басқа да құндылықтарға айрықша қауіп төнген жағдайда заң күші бар нормативтік-құқықтық актілер қабылдау құқығы берілді», – деді ол орталық коммуникациялар қызметіндегі баспасөз мәслихатында.
Оның айтуынша, еліміздің Ата заңына енгізілетін түзетулер мен өзгертулер жобасының ауқымды бөлігі адам құқықтары мәселелеріне арналған.