АҚШ мемлекеттік хатшысы мен қорғаныс министрі Киевке келді

0
334
Украина президенті Владимир Зеленский және АҚШ мемлекеттік хатшысы Энтони Блинкен мен қорғаныс министрі Ллойд Остин. Photo: president.gov.ua

АҚШ мемлекеттік хатшысы Энтони Блинкен мен қорғаныс министрі Ллойд Остин Зеленскиймен келіссөз жүргізу үшін Киевке барды. 

Олар АҚШ-тың Украинаға әскери-техникалық көмегін, соғыстың мән-жайын, қауіпсіздік мәселесін талқылады.

“Осындай жауапты кезеңде АҚШ-тың жоғарғы лауазымды шенеуніктерінің Киевке келуі Украина мемлекеті үшін аса маңызды. Америка Құрама Штаттарының жасап жатқан көмегіне зор алғыс білдіремін”, – деді Владимир Зеленский.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз