22 жастағы Габриэль Рейли AirPods құлаққаптарына жалғанатын сырға жасады. Бұдан былай баусыз құлаққаптың жоғалуы азаюы мүмкін.
Бағасы 20 доллар тұратын сырға “Эйрингс (Airings)” деп аталады.
“Құлаққап жоғалту проблемасынан құтылдым. Бауы бар құлаққаптарымның барлығын мысығым үзіп тастай беретін. Сосын Airpods сатып алдым. Мұнымен шектелмей мүлде жоғалтпайтындай етіп сырға жасау идеясы келді”, – дейді Рейли BuzzFeed–ке берген сұхбатында.