Huawei компаниясы 2020 жылы смартфон өндірісінде ең үздік шығуды жоспарлап отыр. Бұл туралы Huawei тауар тұтынушылары бөлімінің басшысы Ричард Ю CNBC-ге берген сұхбатында айтты.
Осы жылы Қытайлық компания Apple-ды басып озып екінші орынға көтерілген болатын. Ю-дың сөзіне қарағанда келесі жылы Huawei толыққанды бірінші орынға тұрақтамақ. “Бәлкім Samsung-пен тең түсерміз”, – деді ол. Компания басшысының сөзіне сүйенсек, 2020 жылы әлем бойынша бірінші болу үшін Huawei-дің толық мүмкіндігі бар.
АҚШ пен Қытай арасындағы ушыққан байланыстарға қарамастан компания дамуын жалғастырып келеді. 2012 жылы Huawei-ді АҚШ өз нарығынан толықтай алып тастады. Бұған себеп Америка басшылығы “Huawei өнімдері хакерлік шабуылға жиі ұшырап, ұлттық қауіпсіздікке нұқсан келтіреді” деген желеу айтқан. Бұдан бұрын, АҚШ барлау комитетінің офицерлері халыққа Huawei телефондарын тұтынбауды ескерткендігі мәлім болған еді.
Ю-дың айтуынша, АҚШ пен Қытай арасындағы сауда қақтығысы өз компаниясына кедергі келтіруде. “Нарық – шексіз. Бізге АҚШ қашан шекараны ашатынын күткеннен басқа елдерге экспорт жасаған тиімді”, – деді ол.
Біраз уақыт бұрын, Қытай СІМ өкілі Дональд Трампқа тыңдалымнан аулақ болу үшін Huawei смартфонын қолдануды ұсынған болатын. Сондай-ақ ол АҚШ көшбасшысы қолданатын Apple телефондарын Қытай мен Ресейдің тыңдайтынын айтқан.