Орталық Азиядағы ең ірі күн электр станциясы Қарағандыда іске қосылды

0
154

Қарағанды облысының өнеркәсіптік орталығында – Саран қаласында, Орталық Азиядағы ең ірі қуаты 100 МВт бар «SES Saran» күн электр станциясының салтанатты ашылу рәсімі өтті.

Саран қаласындағы электр станциясының іске қосылуы Мемлекет басшысының сыртқы саясатты «экономизациялау», Қазақстанға озық тәжірибені, білімді, технология мен инвестицияларды тарту бойынша міндеттерін іс жүзінде жүзеге асырудың жарқын үлгісі болып табылды.

Қысқа мерзімде іске асырылған жоба орталық және жергілікті билік органдарының Германия Федеративтік Республикасы, Чехия және Словакия Республикалары компанияларының тобымен, сондай-ақ Еуропа қайта құру және даму банкімен (ЕҚҚДБ) бірлескен жұмыстың нәтижесі болды.

Электр станциясының құрылысы барысында жергілікті мазмұнға, оның ішінде Сарандағы компаниялардан еңбек өнімді, бұйымдарды және құрылыс материалдарды тартуға ерекше назар аударылды. Сонымен қатар, жаңа электр станциясында жергілікті тұрғындар үшін жұмыс орындары ашылды.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз