27 сәуір күні сағат 03:00 мен 17:00 аралығында жоспарлы-профилактикалық жұмыстар жүргізілуіне байланысты телерадиоарналарды ретрансляциялау уақытша тоқтатылады. Бұл туралы kazteleradio.kz сайты хабарлады.
“Қазтелерадио АҚ тоқсан сайын жерсеріктік және эфирлік желілердің техникалық құралдарында сервистерді жаба отырып, жоспарлы-профилактикалық жұмыстар жүргізеді. Бұл жұмыстар телерадио хабарларын сапалы таратуды қамтамасыз ету үшін қажет, ал тоқсан сайынғы жоспарлы-профилактикалық жұмыстар сервисті ұзақ уақыт өшіруге мүмкіндік береді, сондықтан осы уақыт ішінде техникалық құралдарды жаңғырту бойынша қосымша жұмыстар да жүзеге асырылады” – делінген хабарламада.
Профилактикалық жұмыс барысында телерадиоарналар Қазақстанның барлық аумағында тоқтатылады. “Қазтелерадио” АҚ уақытша қолайсыздықтар үшін кешірім сұрады.