Facebook логотипін жаңартты

0
87
Photo: video grab

Америкалық Facebook компаниясы логотипін жаңартты. Бұл туралы компанияның баспасөз қызметі хабарлады.

Баспасөз қызметінің хабарлауынша, компанияның логотипі әлеуметтік желінің белгісімен жиі шатастырылады. Бұған жол бермеу үшін ұйым логотипінің дизайнына түзетулер енгізілген.

Facebook жаңа логотипін Инстаграм, WhatsApp және басқа да қосымшалардың алғашқы беттерінен көруге болады.

“Мен 15 жыл бұрын Facebook-ті іске қосқанда, оның құрамына Instagram, WhatsApp, Oculus, Workplace және басқа да көптеген желілер кіретінін ойламадым. Көбі бұл өнімдерді біз әзірлегенімізді және біздің команда бірлесіп жұмыс істейтінін білмейді. Бірақ адамдар мұны білуі керек, өйткені олар қолданатын өнімнің артында кім тұрғанын білу өте маңызды”, – деп жазды корпорация басшысы Марк Цукерберг.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз