Илон Масктың компаниясы Neuralink компаниясы ми чиптерін сынау үшін еріктілерді іздеп жатыр

0
70
Photo: ixbt.com

Илон Масктың Neuralink компаниясы ми-компьютер интерфейсі (BCI) экспериментіне еріктілер іздейтінін жариялады. Зерттеудің негізгі мақсаты сал ауруына шалдыққан жандарға компьютерді ой күшімен басқаруға мүмкіндік беру делінген, деп хабарлайды Kazaknews.kz Qadam.asia сілтеме жасап.

BBC жаңалықтарының мәліметінше, компания адамның миын компьютермен байланыстыруды жоспарлап отыр. Ал жаңа технологияларын тексеріп көру үшін сал ауруына шалдыққан адамдарды іздейді.

Зерттеушілердің ойынша, миға қондырылған имплант жүйке импульстарын жібере алады, ол өз кезегінде шифрланады, ал сал ауруына шалдыққан адам ойлау күшімен компьютермен жазу мүмкіндігіне ие болады.

Мамыр айында Neuralink компаниясы бірнеше сәтсіз әрекеттен кейін АҚШ-тың Азық-түлік және дәрі-дәрмек басқармасынан ( FDA ) адамдарға клиникалық сынақ жүргізуне рұқсат алған. Алғашында компания он еріктіге имплант енгізуге рұқсат сұрады, бірақ соңында FDA-ның қанша пациентті мақұлдағаны белгісіз.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз