“Эйр Астана” ұшағында ұшқаннан кейін жоғары діріл пайда болды

0
68

Кеше, 21 мамырда “Эйр Астана” әуекомпаниясының Нұр-Сұлтан – Мәскеу (Шереметьево) бағыты бойынша ұшағы техникалық себептермен ұшу әуежайына қайта оралды, деп хабарлайды ҚР Азаматтық авиация комитеті.

21:57-де А321 әуе кемесі сәтті қонды. Бортта 125 жолаушы және 8 экипаж мүшесі болған. “Эйр Астана” әуекомпаниясының ақпараты бойынша, сигнал беру дисплейінде №1 қозғалтқыштың шығатын газдарының жоғары дірілі мен температурасы туралы хабарламалар пайда болды. Экипаж қозғалтқышты аз газ режиміне ауыстырды, қозғалтқыштың параметрлері рұқсат етілген шектерде болды.
Экипаж компанияның рәсімдеріне сәйкес ұшып шығу әуежайына қайтару туралы шешім қабылдады. Ұшақ қонуы штаттық режимде өтті. Барлық жолаушыларға, соның ішінде Шереметьево әуежайында рейсті күткен жолаушыларға тамақтану  ұсынылды.
Бүгін 22 мамыр күні сағат 8:05 тұрақты КС 893 рейсімен Нұр-Сұлтан -Мәскеуге ұшып кетті.  Қазіргі уақытта авиакомпанияның техникалық қызметкерлері ақауды іздестіруде.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз