Әлем бойынша ең көп сұраныстағы автокөлік анықталды

0
66
“Автостат” сараптамалық агенттігінің мәліметінше 2018 жылдың алғашқы жартысында ең көп сұранысқа ие автокөлік – Toyota Corolla. Небәрі алты айдың ішінде әлем бойынша 611 мың Corolla сатылған. Сарапшылардың айтуынша өткен жылмен салыстырғанда сатылған машина санында айтарлықтай өзгеріс жоқ.

 

Ал “өтімді” автокөлік сериясы бойынша екінші орында – Ford F-Series тұр. Ford F-Series маркасының сатылымы өткен жылмен салыстырғанда 3 пайыз артық. Жарты жылдың ішінде 537 мың данасы сатылған.

Алғашқы үштікті халық арасында ең “тиімді” саналатын Volkswagen Golf көлігі түйіндеп тұр. Темір тұлпардың бұл түрінен алты айда 442 мың данасы өткен.

Алғашқы бестікке Honda Civic пен Toyota RAV4 тұрақтады. Әрқайсысы 425 мың және 409 мыңнан сатылған темір тұлпарлардан байқайтынымыз сатып алушылар көбіне “экономикалық тиімді” автокөліктерге көңіл бөлуде.

Сонымен қатар, сараптамалық агенттіктің болжамынша алғашқы ондықты – Volkswagen Tiguan, Volkswagen Polo, Honda CR-V, Toyota Camry и Chevrolet Silverado иеленіпті.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз