SpaceX компаниясы ғарыш кемесімен Айды айнала ұшатын алғашқы туристі таңдады.
Илон Маск басшылық ететін SpaceX сайтында: «SpaceX бізге тиесілі BFR (Big Falcon Heavy) көлік құралының бортында Айды айналып ұшатын әлемдегі алғашқы жеке жолаушысын таңдады. Бұл ғарышта саяхаттауды армандайтын адамдар үшін зор мүмкіндіктерді ашады», – делінген. Алғашқы ғарыш туристі жайында 17 қыркүйекте белгілі болады.