Солтүстік Қазақстан облысы бидай өндіруден рекорд жаңартты

0
215

Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау ауданындағы «Бабық-бұрлық» ЖШС бидай өнiмдiлiгiнiң рекордын жаңартты. Өңірдің ресми сайты хабарлағандай СҚО әкiмi Құмар Ақсақаловқа гектарынан 62,5 центнер бидай алынған алқап көрсетiлдi.

Бұрынғы рекорд 55 ца/га «Тұқым» ЖШС-ға тиесiлi болған едi. Осындай мол өнiмдi қалай алдыңыз деген сұраққа «Бабық-бұрлық» серiктестiгiнiң басшысы Сейiлбек Махметов қысқаша жауап қайырды: «Жермен айналысу керек».

СҚО аймағында күзгi орақ науқаны қыза түстi. 13 қыркүйектегi мәлiмет бойынша облыстағы алқаптың 32 пайызы игерілген. Орташа өнiмдiлiк гектарына 14,9 центнерден айналды.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз