Швециялық Furhat Robotics компаниясы қызметкерлерді тұтынушылармен сөйлесу әдістеріне үйрететін арнайы робот жасағанын жариялады. Бұл туралы Codeo парақшасы хабарлады.
Роботтың тек кеудесі мен басы ғана бар. Оған түрлі жасанды шаш және маска кигізу арқылы қалаған адам кейпіне енгізуге болады (ер кісі, әйел кісі, бала). Робот болса әр түрлі жағдайларға бейімделе алады: сөйлейді, тыңдайды және ең бастысы наразы клиентті тани алады. Соған қарап қызметкерлер көңілсіз клиенттерімен жұмыс жасауды үйренеді.